Еуроодақ АҚШ-тың баж салығына қарымта тариф енгізеді
Брюссельде Еуропалық комиссия өкілдері шешімді бекітті, деп хабарлайды 24kz.
«Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша Америка өнімдеріне 25% салық салынады. Тауарлардың тізімі құрылған. Оның ішінде жүгері, соя бұршақтары, құс еті, темекі, темір, болат және алюминий бар. Жаңа тариф 15 сәуірден бастап күшіне енуге тиіс. Алайда, Еуроодақ АҚШ-пен ортақ келісімге келсе, бұл шешімді өзгертуге дайын.