Ұлыбританияның Бирмингем қаласы қоқысқа толып, егеуқұйрық қаптады
Ұлыбританияның Бирмингем қаласы қоқысқа толып кетті, деп хабарлайды 24kz.
Көшеде аяқ алып жүрер жер жоқ. Өйткені тұрмыстық қалдықтарды таситын компаниялардың жұмысшылары ереуілге шығып кеткен. Олардың наразылығын тудырған басты мәселе – жалақының аздығы. Енді шаһарда бір апта ішінде 17 мың тонна қоқыс сыртқа шығарылмай, иістеніп, егеуқұйрық қаптаған. Бирмингемнің қала кеңесі төтенше жағдай жариялады. Қазір шаһарда жылжымалы қоқыс жинау пунктері ғана жұмыс істейді. Тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды өткізу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Ал, қоқыс шығаратын компаниялар дегеніне жетпей наразылық шарасын тоқтатпауға бекінген.