Аргентина тұрғындары Хавьер Милейдің саясатына наразылық білдірді

Аргентинада мыңдаған адам үкіметке қарсы наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды 24kz.

Олардың басым бөлігі зейнеткерлер мен кәсіподақ мүшелері. Халық президент Хавьер Милейдің экономикалық саясатына наразылығын білдірді.

Жергілікті тұрғындар азық-түлік пен коммуналдық қызмет ақысының өсуіне, сондай-ақ бюджеттік шығындардың қысқаруына алаңдайды. Зейнеткерлер биліктен жәрдемақы мөлшерін ұлғайтып, тегін дәрі-дәрмек берілуін талап етті. Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша Аргентинадағы ең төменгі зейнетақы шамамен айына 260 доллар. Бұл теңгемен 135 мың теңге.

«Алайда жылдық инфляция деңгейі 70%-ке жеткен жағдайда мұндай төлемдер негізгі қажеттіліктерді өтеуге жеткіліксіз», - дейді жергілікті тұрғындар. Президент Хавьер Милей дағдарысқа қарсы шаралар аясында әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін қысқартып жатыр. Салдарынан жұмыс орындары қысқарып, өндіріс айтарлықтай төмендеген.