Грекияда мыңдаған жұмысшы шеруге шықты
Грекияда мыңдаған жұмысшы бас көтерді, деп хабарлайды 24kz.
Ереуілшілер өмір сүрудің қиындағанын айтып, жалақыны көтеруді талап етіп отыр. Жаппай наразылыққа байланысты қоғамдық көлік ішінара тоқтап, әуе рейстері кейінге шегеріліп, пойыздар мен кемелер қаңтарылды.
Грекия 2009 жылдан 2018 жылға дейін терең қаржы дағдарысын бастан кешірген. Халықаралық несие берушілерден 290 миллиард еуро қарыз алды. Бұл үшін зейнетақы мен еңбекақыны едәуір қысқартуға мәжбүр болды. Қатаң үнемдеу шараларының зардабын халық әлі күнге дейін тартып келеді. Елде биыл азық-түлік, электр қуаты және тұрғын үй бағасы өскен. Eurostat мәліметіне сәйкес, Грекия жалақының төмендігі бойынша Еуроодақта Португалия мен Литвадан кейін үшінші тұр.