АҚШ Қытай тауарларына баж салығын 145%-ға дейін көтерді

АҚШ Қытай тауарларына баж салығын тағы көтерді.

Бұл жолы 145 пайызға дейін өсірді. Мұны Американың "СиЭнБиСи" телеарнасы хабарлады. Осыған дейін Ақ Үй басшысы шығыстағы көршімізге салықты үсті-үстіне салып, оның көлемін 125 пайызға дейін жеткізген еді. Мұның қарымтасы ретінде Қытай америкалық тауарларға әуелде 34% салық салды. Кейін 84%-ға дейін көтерді. Трамп Бейжің Вашингтонмен сауда келісіміне отырмайынша, қытай тауарына салынатын баж салығын азайтпаймыз деп мәлімдеді. Ал Қытай АҚШ-ты текетіреспей, қос тараптың мүддесін ескере отырып, ортақ келісімге келуге шақырды.