Вашингтон әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды

Вашингтондағы Рейган әуежайында American Airlines екі ұшағы соқтығысып қалды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. «Рейтер» мәліметі бойынша бір лайнер екіншісінің қанатын қағып жіберген.

Бірінші ұшақта 4 экипаж мүшесі мен 76 жолаушы, ал екіншісінде 4 экипаж мүшесі мен 67 жолаушы отырған. Сондай-ақ әуе кемесінде АҚШ Конгресінің 3 мүшесі болған. Қазір 2 ұшақ та техникалық тексерістен өтіп жатыр,