Доминиканда аза тұтуды тағы үш күнге ұзартты

Доминикан билігі түнгі клубтағы апатқа байланысты жарияланған аза тұтуды тағы 3 күнге ұзартты. Жергілікті Diario Libre басылымы таратқан соңғы мәлімет бойынша қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 221 адамға жеткен.

Апат орнындағы іздеу-құтқару операциясы ресми түрде аяқталды. Үкімет жақындары із-түзсіз жоғалып, таптырмай отырған адамдарға жан-жақты көмектесіп жатыр. Түнгі клуб шатырының опырылып түсу себебі әлі белгісіз. Тергеу басталған. Бұған дейін қирандылар астынан 189 адам шығарылған. Олардың 24-і ауруханада. Дәрігерлер: «8-інің халі ауыр», – дейді.