Д. Трамп Мексикаға тағы салық саламын деп қорқытты
АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикаға тағы салық саламын деп қорқытты. Бұған Техас штатына су жеткізу туралы келісімнің бұзылуы себеп. Ақ үй басшысы бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Құжат бойынша Мексика әр 5 жылда Рио-Гранде өзенінен АҚШ-қа шамамен 2 миллион акр-фут су жіберуі керек. Бірақ Шекаралар мен су ресурстары жөніндегі халықаралық комиссия Мексика кейінгі 5 жылда келісілген судың 30-ақ процентін бергенін анықтады. Осының салдарынан Техас штатындағы жалғыз қант зауыты жабылып қалған.