Қытай Еуропалық одақты жаһандық сауданы қорғау үшін ынтымақтастыққа шақырды

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Еуропалық Одақты АҚШ енгізген тарифтік саясат аясында халықаралық сауданы қорғау үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Бұл туралы ол Бейжіңде Испания премьер-министрімен кездесуі кезінде мәлімдеді. Еуропалық саясаткер Қытайға екіжақты сауда байланыстарын нығайту бойынша келіссөздер өткізу мақсатында келген болатын.

Еске сала кетейік, Қытай АҚШ-тан импортталатын барлық тауарларға кедендік баж салығын 125%-ке дейін көтерді. Бұл Дональд Трамптың Қытайға қарсы тарифтерді 145%-ке дейін арттыруына қарымтасы болатын. Ақ үй басшысы 75 елге баж салығын енгізуді 90 күнге шегерді. Бірақ бұл тізімде Қытай жоқ.