Иран АҚШ-пен тікелей емес келіссөзде ядролық қаруды қайткенде шектейтінін айтты
Иран Оманда АҚШ-пен болған тікелей емес келіссөзде ядролық бағдарламасын шектеу шартын атады.
Американдық "Зэ ол Стрит Джор-нәл" ((The Wall Street Journal)) басылымының хабарлауынша, парсы елінің шенеуніктері Ақ үйден санкцияларды алып тастауды талап еткен. Осылайша Тегеран шетелде бұғатталған миллиардтаған долларды қайтарып алғысы келеді. Сондай-ақ Иран АҚШ-тан мұнайын сатып алып отырған Қытай кәсіпкерлеріне қысым жасауды тоқтатуды сұраған. Бұл шарттар орындалса, парсы елі 2015 жылғы Вена келісімінде көрсетілген уран байыту мөлшеріне қайтып оралуға дайын. Келіссөздердің келесі кезеңі 19 сәуірге белгіленді.