Кембридж емтихан нәтижесін ашық жариялауды тоқтатады
Кембридж университеті студенттеріне емтихан нәтижесін хабарлауды тоқтатады. Бұл стресті азайтып, психикалық дансаулықты күшейту үшін қабылданған шешім.
«Таймс» басылымының хабарлауынша, жаңа ереже келесі жылдан бастап күшіне енеді. Университет жүргізген сауалнамаға сәйкес емтихан кезінде студенттердің 60%-і күйзеліске ұшырайды екен.
Айта кетейік, оқу орны 1748 жылдан бері сынақ қорытындысын арнайы хабарландыру тақтасына іліп келеді. Енді бұл дәстүр үзіліп, емтихан нәтижесі студенттерге жеке өзіне ғана айтылады.