Қытайда су шашу фестивалі өтіп жатыр

Қытайдың Юньнань провинциясында мыңдаған адам бір-біріне су шашты. Дәстүрлі шара жылда сәуір айында ұйымдастырылады.

Бұл күндері жұрт жаппай көшеге шығып, алдынан шыққан адамға су шашады. Оған жас та, кәрі де қатысады. Суға малшынған тұрғындар бір-біріне алғыс айтып, жақсы тілек білдіреді. Бұл фестиваль жергілікті Дай этникалық топ өкілдерінің әдет-ғұрпынан шыққан дәстүр. Аймақ билігі оны туристік мақсатта кеңінен насихаттап, бүгінде фестивальдің әлемде танымалдығы артқан. Ас та төк дастарқан жайылып, спорттық ойындар өтеді. Қызықты дәстүрді тамашалауға шетелден жылда мыңдаған турист келеді.