Газада Израиль шабуылынан бір тәулікте 37 адам қаза тапты
Газа секторында Израильдің әуе шабуылдарынан бір тәулікте 37 адам қаза болды, деп хабарлайды 24kz.
Мұны «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Ұшақтар Дейр-әл-Балах, Хан-Юнис және Жабалия қалаларын бомбалаған. Салдарынан Әл-Ахли ауруханасы қираған. Бұл Газа секторында толық жұмыс істеп тұрған жалғыз медициналық нысан еді. Израиль әскерилері: «Ғимаратта ХАМАС өкілдері жасырынған», - дейді. Аймақта әскери операция өткен айда қайта басталды. Палестина тарапының мәліметінше, өңірде содан бері 1600-ға жуық адам өлім құшып, тағы 4 мыңға жуық тұрғын жараланған. Ә