АҚШ жартылай өткізгіштердің импортына баж салығын енгізеді
АҚШ келесі аптада жартылай өткізгіштердің импортына баж салығын енгізеді.
Бұл туралы Дональд Трамп мәлімдеді. Десе де, ол тарифтердің көлемі қандай болатынын нақтыламады. Жартылай өткізгіштер чиптердің өндірісіне қажетті материал. Ақ үй басшысы чиптердің Америкада жасалғанын қалайтынын айтады.
Сарапшылар: «Бұл АҚШ пен Шығыс Азия елдері арасындағы онсыз да күрделі жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін», - дейді. Өйткені Америкаға жартылай өткізгіштер негізінен осы мемлекеттерден жеткізіледі. Сарапшылар сондай-ақ баж салығынан кейін америкалықтар үшін электроника бағасы өсетінін де ескертеді.