Кэти Перри мінген ғарыш кемесі орбита маңына ұшып қайтты

Blue Origin америкалық жекеменшік компаниясы коммерциялық мақсатта орбита маңына кемесін ұшырды, деп хабарлайды 24kz.

Аппаратқа кілең әйелдер мінген. 6 адамның арасында танымал әнші Кэти Перри, 2 тележүргізуші, режиссер мен 2 инженер бар. Әрқайсысы 500 мың доллардан төлеген. Ұшу 11 минутқа жалғасқан. Компанияның негізін қалаушы америкалық миллиардер Джефф Безос 4 жыл бұрын алғашқыларың бірі болып осы ғарыш кемесімен ұшқан еді. Сол уақыттан бері ұшу аппаратының көмегімен орбита маңында 56 турист болып қайтқан.