Еуро нығайып келеді
Еуро нығайып, инвесторлар үшін АҚШ долларына баламалы валютаға айналып келеді.
Бұл туралы Блумберг хабарлайды. Агенттіктің пайымдауынша бұған Дональд Трамптың тарифтері себеп. Өйткені америкалық активтерге сенім азая бастаған. Сол орайда АҚШ валютасының құны төмендеп, керісінше еуро бағамы кейінгі 15 жылда болмаған қарқынмен өсті. Былтыр қарашада Дональд Трамп Президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін доллардың еуроға қатысты бағамы өсіп, биыл қаңтарда ең жоғары көрсеткішке жеткен еді. Бірақ нарықтағы кейінгі жағдайларға байланысты 10 пайызға құлдыраған.