Mitsubishi Мotors АҚШ-қа экспортты уақытша тоқтатты
Жапондық Mitsubishi Мotors АҚШ-қа көлік экспортын уақытша тоқтатты.
Бұған да Трамптың темір тұлпарларға салған баж салығы себеп. Автоөндірушінің Америка аумағында өз зауыты жоқ. Сондықтан шығынға батпау үшін тасымалды уақытша тоқтата тұрмақ. 2 апта бұрын Ақ үй басшысы импортталатын көліктерге 25 пайыз баж салығын енгізгені белгілі. Тақауда немістің Volkswagen, Audi, нидерландтық Stellantis, британдық Jaguar Land Rover компаниялары да АҚШ-қа экспортын доғарды.