Каирде Газадағы оқ атуды тоқтату бойынша келіссөз өтті

Каирде Газа секторындағы оқ атуды тоқтату бойынша келіссөз өтті. Оған Мысыр мен Қатар мұрындық болған. «ХАМАС» өз өкілдерін жіберді.

Бұған дейін Израиль атысты тоқтату туралы ұсыныс жіберген еді. Мысыр бұл ұсынысты «ХАМАС»-қа табыстады. Енді олар жауап беруге тиіс. Палестиналық қозғалыс тұтқындағы израильдіктерді босатуға дайын. Бірақ бұл үшін Израиль жүздеген палестиналық тұтқынды босатып, Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі жасамауы керек.