ШЫҰ мәдени салаға басымдық береді
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер мәдени саладағы интеграцияны тереңдетуге мүдделі. Биыл экономикалық байланыстардан тыс, мәдени гуманитарлық, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту бойынша жобалар жасалады.
Жалпы саны 40-қа жуық кеңес өткізу жоспары тұр. Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының халық дипломатиясы орталығы наурыз мерекесін атап өтті. Бұл шара Шанхай ондығы бекіткен бағдарлама аясында жүзеге асты. Мерекелік жиынға ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері келді.
Кабулжон Сабиров, Өзбекстандағы ШЫҰ халық дипломатиясы орталығының директоры:
-Наурыздың құндылығы зор, бейбітшілік мәңгі болсын- деген ұранмен биыл наурызды атап өтіп жатырмыз. Біз ата-бабамыздан қалған игі дәстүрді келер ұрпаққа аманат етіп, қалдыруымыз керек. Біздің елде 130-дан астам ұлтпен ұлыс бар. Бұл мереке бәрінің басын біріктіретін ұлық мейрам.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымы 1996 жылы 5 мемлекеттің ұйытқы болуымен құрылды. Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстан қауіпсіздік мақсатта әскери ынтымақтастық жасауға келіскен. Көп ұзамай ұйымның бағыты мен ұстанған саясаты кеңейіп, экономикалық, мәдени гуманитарлық салалар қамтылды.