Мексиканың 23 штатында орман отқа оранды
Мексиканың 23 штатында орман отқа оранды. Қазіргі сәтке дейін 114 өрт ошағы тіркелген. Олардың 20-сы қорғауға алынған табиғи аумақта. Әзірге от-жалын жалмаған жердің 80%-і ғана бақылауға алынды.
Тілсіз жаумен күреске 4 мың өрт сөндіруші, сарбаз және ерікті жұмылдырылып, авиация қолданылып жатыр. Мамандар: «Жоғары температура мен қуаңшылық жағдайды толық бақылауға алу үлкен кедергі жасап тұр», – дейді. Мексикада биылғы қыста жауын-шашын әдеттегіден 30%-ке аз жауған және ақпан кейінгі 70 жылдағы ең ыстық ай болып тіркелген. Жалпы ел бойынша жыл басынан бері 190 мыңнан астам гектар жанып кетті.