Reuters: АҚШ Сириядағы әскерін екі есе қысқартады
АҚШ Сириядағы әскерін екі есе қысқартады.
«Рейтердің» хабарлауынша, бұл шара кезең-кезеңімен іске асады. Қазір араб елінде шамамен 2 мыңға жуық америкалық сарбаз бар. Олар негізінен Сирияның солтүстік-шығысындағы бірнеше базада тұрады. АҚШ әскері 2015 жылдан бері «ДАИШ» лаңкестік тобымен соғысты. Америкалық жауынгерлерді қайтару 2018 жылы Дональд Трамптың Президент болған алғашқы кезеңінде басталған.