АҚШ Қытай экономикасын оқшаулауды жоспарлап отыр

АҚШ Қытай экономикасын оқшаулағысы келеді.

Бұл туралы сенімді дерек көздеріне сүйенген америкалық Wall Street Journal хабарлады. Басылымның жазуынша басқа елдерге тарифтердің пайызын төмендету арқылы оларды Қытаймен сауда байланысын шектеуге, Қытай компанияларын өз елінде жұмыс істеуге, тауарлар тасымалына, сондай-ақ алыс-беріс жасауға тыйым салуға көндірмек. Штаттардың мұндағы түпкі мақсаты – ресми Бейжіңді Трамп әкімшілігі үшін қолайлы шарттарды қабылдауға мәжбүрлеу. Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт «шарт қабылдау кезегі Қытайда» деп мәлімдеген болатын.