АҚШ Мемлекеттік департаменті 139 шетелдік бағдарламаны жойды
АҚШ Мемлекеттік департаменті 139 шетелдік бағдарламаны жойды.
Бұларға 215 млн доллар жұмсалып келген. Осылайша Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Молдова, Британия, Бразилия және басқа елдерге арналған гранттар қысқарды. Бұл туралы Мемлекеттік басқару тиімділігі департаменті хабарлады. Жалпы Президент Дональд Трамп әкімшілігі сыртқы істер мекемесінің бюджетін 2 есе, яғни 27 млрд долларға қысқартуды жоспарлап отыр. Ал халықаралық ұйымдарға бөлінетін қаржы көлемі шамамен 90 пайызға азаяды. Оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО және басқа 20 халықаралық мекемеге қаржы беру тоқтатылады.