АҚШ салық қызметінен 22 мың қызметкер кетуге келісті

АҚШ-тың салық қызметінен 22 мың қызметкер кетуге келісті.

Бұл туралы New York Times басылымы хабарлады. Мәжбүрлі шара Президент Дональд Трамптың бюджет шығынын қысқарту туралы жарлығына байланысты қолға алынды. Ақ үйдің ұсынысы бойынша қызметкерлерге қыркүйекке дейін ақысы төленетін әкімшілік демалыс беріледі. Әрі қарай олар басқа жұмыс іздеуге тиіс. Былтыр салық қызметінде 100 мыңға жуық адам еңбек етті. Трамп әкімшілігі жақын арада 90 мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр.