Газада Израиль шабуылдарынан 17 адам қаза тапты
Газа секторында Израиль шабуылынан 1 күнде 17 адам қаза тапты.
AP агенттігінің хабарлауынша, анклавтың Рафах және Дейр-әл-Балах сияқты орталық және оңтүстіктегі қалалары бомбаланған. Әуе соққылары тұрғын үйлер мен «Әл-Акса» ауруханасын қиратты. Израиль емдеу мекемесінде ХАМАС мүшелері орналасқан деп ақталды.