Техаста оқушы мектепте оқ жаудырды

АҚШ-тың Техас штатындағы Даллас қаласында оқушы мектепте оқ жаудырды.

«Фокс Ньюс» телеарнасының хабарлауынша, атыстан 4 адам зардап шеккен. Олар шұғыл жергілікті ауруханаға жатқызылды. Алдын ала ақпарат бойынша оқ атқан оқушысы осы мектепте білім алады. Ол оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Барлық оқушылар қауіпсіз жаққа көшіріліп, аумақ қоршауға алынды. Полиция оқ атқан оқушыны іздеп жатыр.