Қытайға салынған салықтан Nvidia $5,5 млрд шығынға ұшырауы мүмкін
Америкалық чип өндіруші Nvidia компаниясы 5,5 миллиард доллар шығынға батқалы тұр, деп хабарлайды 24kz.
Бұған АҚШ үкіметінің Қытайға салған салығы себеп. Жасанды интеллект технологияларын жасау бойынша жетекші кәсіпорын Қытайға атақты H20 чиптерін экспорттайды. Енді оған бұл үшін арнайы лицензия алу қажет. Бірлестік алдағы 4 жылда АҚШ аумағындағы жасанды интеллект инфрақұрылымына 500 миллиард доллар құюға ниетті. Бұл қаржыға сервер жасайтын зауыттар салып, жасанды интеллект микрочиптері мен суперкомпьютерлер шығармақ.
Айта кетейік, Қытай осы Nvidia чиптері арқылы DeepSeek бағдарламасын «ақылды» зерде моделін қолдануға үйреткен болатын.