Израиль премьер-министрі Газаның секторының солтүстігіне барды
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху аяқ астынан Газа секторына барды, деп хабарлайды 24kz.
Жанына Қорғаныс министрі мен қолбасшыларды ертіп алған ол аймақтың солтүстігін аралады.
Нетаньяху: «Біз Газа секторында өз мемлекетіміздің әрі қарай өмір сүруі және келешегінің жарқын болуы үшін күресіп жатырмыз. Газадағы әскери операцияның негізгі мақсаты – қамаудағы тұқындарды босату мен ХАМАС-ты біржола жою», - деп мәлімдеді. Ал The Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазір Газада 59 израильдік тұтқын бар. Бірақ олардың 24-і ғана тірі болуы мүмкін. Бұл соғыста қаза тапқан палестиналықтардың саны 51 мыңнан асқан.