АҚШ Үкіметі Гарвард университетіне грант беруді тоқтатты
АҚШ-тың Ішкі істер министрлігі Гарвард университетіне 2,7 млн доллар көлеміндегі гранттарды беруді тоқтатты.
Мұндай шешімге Президент Дональд Трамптың федералдық қаржыландыруды доғару және жоғары оқу орнының салық төлемейтін мәртебесін қайта қарау туралы тапсырмасы себеп болған. Бірақ университет бұл талаптарды орындаудан бас тартып, іс ушықты. Енді Ақ үй шетелдік студенттерді қабылдауға қатысты аудит жүргізбекші. Бұдан бөлек, Гарвард әралуандық, теңдік және инклюзия бағдарламасынан бастартуы керек. Алайда университет басшылығы мұндай іс-әрекеттер академиялық еркіндік құқығына қайшы келеді деп есептейді.