Колумбияда сары безгекке байланысты төтенше жағдай енгізілді
Колумбия Президенті сары безгекке байланысты денсаулық сақтау және экономика салаларында төтенше жағдай жариялады.
«Ассошиэйтед Престің» хабарлауынша, елде жыл басынан бері 74 оқиға тіркеліп, 32 адам көз жұмған. Әсіресе орталық және батыс аймақтарда құрбан көп. Бұл өңірлерде инфекцияны тарататын масалар шектен тыс көбейіп кеткен. Ел астанасы Боготаға да қауіп төніп тұр. Өйткені мұнда безгекке шалдыққан науқастар жиі келеді. Билік екпе науқанын бастады. Сары безгек температураны көтеріп, бұлшық етті ауыртып, жүректі лоқсытады.