Биыл әлемдік ЖІӨ өсімі төмендейді — ДСҰ

Дүниежүзілік сауда ұйымы: «Биыл әлемдік жалпы ішкі өнімнің өсімі 2,2% болады», – деп мәлімдеді. Бұл болжалды межеден 0,6% төмен. Бекітілген көрсеткіштің азаюына АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген тарифтер себеп. Бұл туралы Дүниежүзілік сауда ұйымының жаһандық сауданың келешегіне арналған есебінде айтылған.

Сарапшылар ғаламдық алыс-берісті белгісіздік жайлап алғанын алға тартады. Сондай-ақ Трамп әкімшілігі әлем елдеріне салық салу саясатын жалғастырса, экономикалық ахуал одан сайын нашарлауы мүмкін екендігі ескертілді. Сарапшылар әсіресе АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресіне алаңдаулы. Мұндай жағдайда алпауыт екі елдің арасындағы тауар айналымы 81% қысқарады деген жорамал бар.