ЮНИСЕФ: Газа секторында күн сайын 27 бала қайтыс болады

Газа секторында күн сайын 27 бала көз жұмады.

Жантүршігерлік мәліметті ЮНИСЕФ жария етті. Халықаралық ұйым өкілдері қазір өңірде 4 мың кәмелетке толмаған палестиналыққа емделу үшін шұғыл эвакуация қажет екенін айтады. Жергілікті ауруханаларда оларды емдейтін дәрі-дәрмек тапшы. Өйткені Израиль қарулы күштері өңірге гуманитарлық көмек жеткізуге рұқсат етпей отыр. Мамандар жеткіншектердің психикалық жағдайына да қатты алаңдаулы. Себебі кейінгі 1,5 жылда қарулы қақтығыстан 39 мың бала жетім қалған. Бір ай бұрын Израиль Газа секторында әскери операциясын қайта бастаған еді. Осылайша тұтқындарды босатудан бас тартқан ХАМАС ұйымына қысым көрсетпек.