Д. Трамптың америкалықтар арасындағы беделі төмендеді
Дональд Трамптың америкалықтар арасында беделі төмендеді. «Зэ Экономис» басылымының жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсетіп отырғандай, оны халықтың тек 42 пайызы қолдайды.
Бұл саясаткердің Президенттік мансаптағы бірінші мерзімімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Тұрғындар Ақ үй басшысының экономикалық саясатына көңілі толмайтынын айтады. Әсіресе тариф соғысы, жұмыс орындарын құру және инфляцияға қатысты көзқарасын құптамайды. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлерді қысқартуы, фермелерге көмекті азайтып, кедендік шектеулер енгізуі де көпшіліктің көңілінен шықпаған.