Киев пен Вашингтон Украинаның пайдалы қазбаларын бірлесіп өндіреді

Ресми Киев пен Вашингтон Украинаның пайдалы қазбаларын бірлесіп өндіру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды 24kz.

Құжат мәтіні қос тараптың ресми сайтында жарияланды. Екі жақ Украинаны қалпына келтіру бойынша инвестициялық қор құруға уағдаласты. Меморандумда Украинаның ядролық қарудан бас тартуы жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі ретінде бағаланған. Украина премьер-министрінің бірінші орынбасары және экономика министрі Юлия Свириденконың айтуынша, енді пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі келісімнің мәтіні әзірленіп жатыр. Бұл 26 сәуірге дейін созылуы мүмкін. Осыдан кейін екі жақтың Парламенті құжатты ратификациялауы тиіс.