40 әйел ғалымның есімі алғаш рет Эйфель мұнарасына ойылып жазылады
Францияда 40 көрнекті әйел ғалымның есімі алғаш рет Эйфель мұнарасына ойылып жазылады. Париж мэрі Анн Хидалго осындай бастама көтеріп отыр.
Оның айтуынша, бұл шешім тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және әйелдердің ғылымға қосқан үлесін мойындау жолындағы маңызды қадам болып табылады. Үміткерлер тізімін саясаткерлер, ғалымдар, тарихшылар мен қоғам белсенділерінен тұратын арнайы ғылыми комиссия жасайды.