Газа секторында екі күнде 92 адам көз жұмды
Газа секторында Израиль шабуылынан кейінгі 2 күнде 90-нан аса адам көз жұмды. Тағы 220-сы жарақат алған. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Шабуыл негізінен босқындар тұрып жатқан шатырлы лагерьге жасалған. Еврей елінің өкілдері әзірге бұл соққыларға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Естеріңізде болса, бір ай бұрын Израиль Газадағы әскери операциясын қайта бастаған болатын.