Венецияда қайтадан туристік алым енгізілді
Венецияда қайтадан туристік алым алынады. Бұл қалаға бір күнге келетін адамдарға қатысты.
Жүйеде алдын ала тіркелген саяхатшылар үшін салық – 5 еуро. Ол біздің ақшамен 3 мың теңгедей. Ал ертерек тіркеліп үлгермегендер 6 мың теңге төлеуі тиіс. Ережені бұзғандар 180 мың теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Бір күнге ғана келетін демалушылар санының артуына байланысты салынатын салық түрі былтыр шамамен бір айға енгізілген болатын. Содан қала қазынасына 2,5 миллион еуродай пайда түскен. Енді саяхаттаушылар салықты 27 шілдеге дейін төлейді.