АҚШ-та торнадодан екі адам опат болды
АҚШ-тың оңтүстігі мен орталық-батысында 17 торнадо соқты. Алапат дауыл ғимараттарды жайпап, көліктерді қиратып, электр желілерін үзіп кетті.
Екі адам опат болды. Жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Ахуал әсіресе Техас пен Оклахома штаттарында қиын. Қазір табиғи апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Метеорологтар апта бойы күн райы қолайсыз болады деп болжап отыр.