АҚШ-тың Мичиган штатында кітап дүкенін көшіру үшін халық болып асарлатты

АҚШ-тың Мичиган штатында кітап дүкенін көшіру үшін халық болып асарлатты.

Дүкен қожайыны тұрғындардан 9 мың кітапты 100 метр жердегі жаңа орынға жеткізуге көмектесуді сұраған. Бірден жәрдемге келген 300-ден аса адам екі қатар сап түзеп, кітаптарды бір-біріне беріп, тасуға кіріседі. Нәтижесінде небәрі 2 сағатта кітаптар жаңа дүкенге көшіріледі. Ең қызығы, ерекше шараға 91 жастағы кейуанадан бастап, 6 жастағы балаға дейін қатысқан.