Испаниядағы Энсьерро фестивалінде 20 адам жапа шекті

Испанияның оңтүстік-батысында өткен дәстүрлі бұқалардан қашып, жүгіру фестивалінде 20 адам жапа шекті.

570 келілік жануар қоршауды бұзып, жұртты сүзіп, таптады. Daily Mail-дың хабарлауынша, жапа шеккендер арасында балалар бар. Оқиға испаниялықтардың ежелден келе жатқан дәстүрлі мерекесі - Энсьерро фестивалі кезінде болды. Қауіпке толы іс-шараның шарты бойынша қатысушылар тордан босатылған бұқалардың алдына түсіп, жүгіріп қашуы тиіс. Бірақ бір жануар жәшіктен босатыла салысымен жарысты көруге жиылғандарға қарай ұмтылған. Көмекке Матадор келіп, оны қайта қоршауға кіргізді.