АҚШ мемлекеттік департаментінің қызметкерлері 15%-ға қысқарады
АҚШ мемлекеттік департаменті қайта құрылымдалатын болды.
«Рейтер» агенттігінің мәліметінше, ведомство басшылығы қызметкерлер санын 15 пайызға қысқартпақ. Яғни 130-дан аса бөлім жабылып, 700-ден аса адам жұмыстан кетуі мүмкін. Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшының орынбасары лауазымы болмайды. Мекеме басшысы Марко Рубионың айтуынша, оның ведомствосы мемлекеттің сыртқы саясатын толық жүзеге асыра алмай отыр. Сондықтан елдің мүддесіне сай келмейтін бөлімдер таратылмақ.