АҚШ Камбоджадан импортталатын күн панельдеріне 3521% тариф енгізді

АҚШ Камбоджадан импортталатын күн панельдеріне 3521 пайыздық баж салығын енгізді.

Бұдан бөлек, Вьетнам мен Тайланд үшін шамамен 400, ал Малайзия үшін 34,4 пайыз тариф салынды. АҚШ-қа импортталатын күн панельдерінің 77 пайызы аталған 4 мемлекеттен жеткізіледі. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы компаниялар мемлекеттік субсидиялар алып отырған. Бірақ күн панельдерін АҚШ-қа өзіндік құнынан төмен бағамен сатқан. Бұдан америкалық компаниялар бәсекеге шыдай алмаған. Мұның бәрі бір жылдай жалғасқан тергеу барысында анықталды. Тарифтердің енгізілуіне осы тергеу нәтижесі түрткі болды.