Италияда Этна жанартауы қайта оянды

Италияның шығысында Этна жанартауы қайта оянып, аспанға от пен күл шашты.

Жапа шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Қауіпті аудандардан тұрғындарды көшіру туралы шешім қабылданбаған. Айта кетейік, Этна Еуропадағы ең белсенді отты таулардың бірі болып саналады. Ол 3 200 метр биіктікте орналасқан. Ай басынан бері жанартау осымен 4-ші рет атқылады.