Нью-Джерси штатында орман өртінен 3 мың адам эвакуацияланды
АҚШ-тың Нью-Джерси штатында орман өртке оранып, 1300 гектардан астам жер жанып кетті.
New York Times-тың мәліметінше, тілсіз жау Оушэн округінен басталған. Мамандар: «жоғары температура мен қатты жел жағдайды толық бақылауға алуға кедергі болып тұр», – дейді. Апатты аймақтан 3 мың тұрғын эвакуацияланды. 23 мың адам жарықсыз қалды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндірушілер мен сарбаздар және еріктілер жұмылдырылып, авиация қолданылып жатыр.