АҚШ-та синтетикалық тағамдық бояғыштарға тыйым салынады
АҚШ ұлт саулығын нығайтуға ден қойды. Елде синтетикалық бояғыштарға тыйым салынбақ.
Бұған америкалықтардың арасында семіздік, қант диабеті, гиперавтиктілік синдромы сияқты аурулардың белең алуы түрткі болды. Бұл туралы Американың Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрі Роберт Кеннеди мәлімдеді. Оның айтуынша, мұнай негізінде жасалған қоспалардың орнына 4 жаңа табиғи бояғышты қолдануға рұқсат беріледі. Себебі зерттеу синтетикалық бояғышпен қоректенген тышқандарда қатерлі ісік туғызғанын көрсеткен.
Роберт Кеннеди, АҚШ-тың Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрі:
- Менің ағам Президент болған кезде америкалық балалардың не бәрі 3%-і созылмалы аурулармен ауырған. Бүгінде бұл көрсеткіш шамамен 60%-ке жетіп отыр. Оларды емдеуге жылына 1,8 трлн доллар жұмсалады. Бұл біздің елді банкротқа ұшыратады. Америкалық балалардың 74 пайызы әскерге жарамсыз. Мұндай көрсеткішпен біз әлемдік көшбасшылығымызды қалай сақтап қаламыз?