Лондонда Украина бойынша кездесу өтіп жатыр

Лондонда Украинадағы қарулы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге қатысты кездесу басталды. Оған Украина мен Ұлыбританияның сыртқы істер және қорғаныс министрлері қатысып жатыр.

Жиын жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Жоспар бойынша келіссөздерге Франция мен Германияның сыртқы істер министрлері мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы да қатысу керек еді. Бірақ Марко Рубио соңғы сәтте логистикалық қиындықтарға байланысты келе алмайтынын жеткізген. Осыдан кейін Германия мен Франция өкілдері де қатыспайтынын мәлімдеді.