Үндістанда демалушылар жаппай үйлеріне қайтып жатыр
Үндістанның шипажайлы аймағы Пахалгам қаласындағы шабуылдан кейін жүздеген турист демалысын ерте аяқтап, үйлеріне қайтып жатыр. Қаскөйлер әлі қолға түспегесін саяхатшылар қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын айтады. Осыған байланысты қазір өңірдегі кейбір дүкендер мен кәсіпорындар да жұмыс істемей тұр.
Естеріңізде болса, кеше қарулы адамдар демалушыларға оқ атып, 27 адам көз жұмған еді. Арасында екі шетелдік бар. Бірі – Біріккен Араб Әмірліктері, енді бірі – Непал азаматы. Тағы 20-ға жуық адам жарақат алған. Оқиға Пәкістанмен шекаралас даулы аймақтағы Пахалгам қаласында болды. Шабуыл лаңкестік әрекет деп танылды. Оқ атқан адамдар әлі табылған жоқ. Оқыс оқиғадан кейін аймақта қауіпіздік шаралары күшейтілген.