Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуал шиеленісті

Үндістан мен Пәкістан арасында ахуал қайта шиеленісті. Бірер күн бұрын Кашмирде қарулы адамдар туристерге оқ атып, 27 адамды мерт қылды.

Ресми Дели лаңкестердің артында ресми Исламабад тұр деп санайды. Сондықтан, шекараны жауып, пәкістандықтарды визасынан айырып, елден кетуін талап етіп отыр. Бұдан бөлек, трансшекаралық суларды пайдалану туралы келісімнен шықты. Бұл Пәкістанның бірқатар аймағын құрғақшылыққа ұрындыруы мүмкін. Ресми Исламамбад лаңкесттік шабуылға еш қатысымыз жоқ, оны Кашмирдегі көтерілісшілер ұйымдастырды дегенді айтады. 

 Викрам Мисри, Үндістан Сыртқы істер министрі:

- Нью-Делидегі Пәкістан Жоғарғы Комиссиясының қорғаныс, теңіз және әуе күштерінің кеңесшілеріне Үндістанда қалуына тыйым салынады. Олар елден бір аптаның ішінде кетуі тиіс. Сондай-ақ Үндістанның Исламабадтағы кеңесшілерін елге қайтаратын боламыз. Дипломатиялық елшіліктегі қызметкерлер санын 55-тен 30-ға дейін азайтамыз. Бұл іс-шара 1 мамырға дейін іске асырылады.