Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуал ушығып барады

Екі ел билігі визаның күшін жойды.

Үндістан көрші елмен арадағы шекараны жауып тастап, 65 жыл бұрынғы су ресурстарын ортақ пайдалану туралы келісімнен бас тартты. Ал Пәкістан екінші тараптың авиакомпаниялары үшін әуе кеңістігін жауып, сауда операцияларын тоқтатты. Бұл жағдайға 22-сәуірде болған оқиға себеп.

Екі мемлекет арасындағы даулы аймақта әлдекімдер туристерге оқ атып, 30-ға жуық адам мерт болған. Шабуыл лаңкестік әрекет деп танылды. Үндістан бұған Пәкістанның қатысы барын айтады. Бірақ көрші ел бұл айыпты жоққа шығарып отыр. Ал  Үндістанның өзендерді байлап тастауы Пәкістанды үлкен құрғақшылыққа ұрындырады. Өйткені бұл елдің көп аймағына тамшы тамбайды.