АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуге барды

АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуге барды. Бірер сағат бұрын ол мінген ұшақ Внуково әуежайына қонды. Бүгін америкалық дипломат Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуі тиіс.

Батыс ақпарат құралдарының мәліметінше, Стив Уиткофф Кремль басшысына Дональд Трамптың Украина бойынша «соңғы» жоспарын айтып жеткізеді. Құрама Штаттарының арнайы өкілі Ресейге осымен 4-ші рет келіп отыр. Бұл жолы кездесуге арқау болатын басты тақырып – территория мәселесі. Осыған дейін АҚШ-тың вице-президенті Джей ди Вэнс ресми Киев пен Кремль басшылығы Американың жоспарына келіспесе, Құрама Штаттары келіссөзді одан әрі жалғастырмайтынын мәлімдеген еді.